Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елі сыйлаған ер тұлға

Елі сыйлаған ер тұлға

Қазіргі Нартай ауылы, бұрынғы «Коммунизм» колхозы Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева, Нартай Көкеев, Байдүйсен Оразов, Маман Қалдыбаев секілді бес бірдей Социалистік Еңбек Ерін дүниеге әкелген киелі мекен. Осындай ұлы адамдар өсіп өнген ауылдан бар ғұмырын елінің өркендеуіне арнаған Жолдыбай Ақмолдаев та қанат қақты. Ол Жөлек ауылдық кеңесінде 1928 жылы дүниеге келген. 1948-1951 жж. Алматы ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетін бітіріп, Ақтөбе колхозына бас есепші, 1966 жылдан 1974 жылға дейін Авангард колхозында партком секретары қызметтерін атқарған.1974 жылы «Коммунизм» колхозында басқарма бастығы болып сайланып, 18 жыл бір орында қызмет атқарған. 1991-1995 жылдары сол кездегі аудан әкімінің кеңесшісі болып, 1966 жылдан 1991 жылға дейін аудандық партия комитетінің пленум мүшесі болған. «Коммунизм» колхозы 1977-1980 жылдары мемлекетке 100-105,0 мың центнер астық өткізіп, бірнеше жыл қатарынан ЦК КПСС Советi Министрінің, кәсіподақ, ЦК ВЛКСМ-нің көшпелі Қызыл туын алды. Ол жұмыс жасаған тұста колхоздың табысы жыл сайын тасып, халқының мәдени тұрмыс жағдайы жақсара түсті. 1974 жылы колхоз мемлекетке 25,0 мың центнер күріш сатса, 1981-1985 жылдары 105,0 мың центнерге жетіп, 5 есеге артты. Мал басы ірі-қара 1700-ден бастап, 4200 басқа дейін көбейді. Мал өнімі молшылығы жасалып, асыл тұқымды малдармен толықты. Колхозды басқарған жылдарында республика колхоздар советінің 10 жылдай мүшесі бола жүріп, ауылда 500 орындық мәдениет үйі, 160 орындық балалар бақшасы, №156 мектеп спорт залы, әкімшілік үйі, медпункт, 8 км асфальт жол, 600 гектар жер инженерлік жүйеге келтіріліп, тегістеліп, 120 тұрғын үй пайдалануға берілуіне атсалысты.
Сонымен қатар, республикаға белгілі болған халық ақыны Нартай Бекежановқа тұрғызылған мұражай құрылысы есте қаларлық болашақтың көркі деуге болады. Ауданда бірінші болып, жанұялық Ағажановтар ансамблін, ВИА «Шаттық» ансамблін, 16 қыздардан би тобы және «Нартай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбльі ұйымдастырылып, музей соғылуына, 1990 жылы Нартай Бекежановтың 100 жылдық мерейтойында ауыл көркінің ажарлануына үлесін қосты. Ауданымызда да көптеген игі істер атқарып, еңбегі бағаланды.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасы аясында ақ күріштің атасы, даңғайыр диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев атамыздың музейіне ауданымыздың атпал азаматы ел үшін еңбек еткен дара тұлға, еңбек ардагері, ауданымыздың көркеюіне зор үлесін қосқан Еңбек Қызыл ту, Құрмет белгісі ордендерінің иегері Жолдыбай Ақмолдаевтың ұлы Тимур Ақмолдаев әкесінің кеңес өкіметі және тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы ерен еңбегі үшін берілген марапаттарын, яғни, үлкен портретін, құжаттары мен кеуде белгілерін, атап айтқанда Жолдыбай Ақмолдаевтың еңбек ардагері, тыңға 50 жыл, Жуков медалі, Ұлы Жеңістің 50 жылдығы, 60 жылдығы, соғыс ардагері ордендері мен құжаттары, барлығы 23 дана экспонатты өз қолымен музей қорына әкеліп өткізді.
Аудан тұрғындары осындай азаматтардан үлгі алып, үйлерінде сақталып тұрған көне жәдігерлерді музей қорына әкеліп өткізсе нұр үстіне, нұр болар еді.
Елім деп еңбек еткен ерлердің тұтынған заттарын қандай да бір құнды деректер мен жәдігерлерді көзінің қарашығындай сақтау, өз Отанын туған жерін, оның тарихын құрметтеу әр азаматтың борышы.
Одан бөлек ұлы тұлғаны еске алу мақсатында жуырда №156 Н.Бекежанов атындағы мектепте аудандық еске алу турнирі ұйымдастырылды. Шараны мектеп директоры Г.Бектегенова, білім бөлімінің спорт меңгерушісі Ж.Шохаев, ауыл әкімі Ф.Ержан, ауыл ақсақалы Қ.Оспановтар ашып берді. Сайысқа аудан мектептерінен 6 ұлдар, 5 қыздар командасы қатысты. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен және Ж.Ақмолдаевтың ұл-қыздары дайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аягөз Жахаева.
14 қараша 2017 ж. 2 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031