"ҰЛТТЫҚ МҰРА" ПАРТИЯ ЖОБАСЫ: "ҰЛТТЫҚ МҰРА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ" ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында "Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат" атты жергілікті қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. "Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат" атты қолөнер шеберлерінің көрмесі — ата-бабамыздан қалған өнерді ұлықтап, оны жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған маңызды шара. Іс-шараның мақсаты — жастарды ұлттық өнерге баулу, қазақ қолөнерінің сан қырлылығын көрсету, және ұлт мұрасын сақтап, оны болашаққа жеткізу. Көрмеге тоқыма, кесте, зергерлік бұйымдар, киіз басу, ағаш және былғары өңдеу секілді сан түрлі дәстүрлі өнер туындылары қойылды. Әр бұйым – қазақ халқының тарихын, эстетикасын және дүниетанымын танытатын құнды еңбек."Қолөнер – халқымыздың рухани байлығы, ұлттық болмысы мен шежіресінің айнасы. Осы орайда ұйымдастырылып отырған "Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат" атты көрменің басты мақсаты — ұмыт бола бастаған ұлттық қолөнер түрлерін дәріптеу, шеберлердің еңбегін насихаттап, жас ұрпаққа аманат ету. Бұл шара арқылы жастарға ата-баба өнерін танытып, ұлттық мұраға деген қызығушылық пен құрмет қалыптастыру көзделіп отыр" – деді аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қолөнері – ұлттық мәдениетіміздің баға жетпес байлығы. Ұлттық өнер – ұлттың жүрегі. Оны сақтау – бәріміздің ортақ борышымыз.Осындай көрмелер арқылы біз өткенді ұлықтап, келешекке бағыт аламыз.Ұлттық мұра – халқымыздың қазынасы. Оны сақтау – ұрпақ алдындағы қасиетті парыз. Көрме соңында, бірқатар қолөнер шеберлеріне партия атынан Алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.







