Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "ҰЛТТЫҚ МҰРА" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

"ҰЛТТЫҚ МҰРА" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Аманат» партиясының Шиелі аудандық филиалы мен «Иіркөл» БПҰ мүшелері ауылдық мекемелер арасында «Ақ босаға» сайысын өткізді. Байқаудың мақсаты – Наурыз мейрамының маңыздылығын түсіндіру, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу арқылы жас келіндерді ұлттық құндылықтарға, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Байқау төрт кезеңнен тұрды:
1️⃣ «Тегін білу – тектілік» – қатысушылар өзін таныстырып, ұлттық киіммен көрінді.
2️⃣ «Талантыға нұр жауар» – өнер көрсету (ән, би, күй, монолог, қолөнер және т.б.).
3️⃣ «Сыр сандық» – салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап.
4️⃣ «Келін – отбасының ұйытқысы» – келін мен ененің қарым-қатынасы, отбасындағы рөлі сахналық қойылым арқылы көрсетілді.

Байқауға ардагер ұстаз Қоянбаева Айымкүл, «Аманат» партиясы аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Данабекова Динара Оразқызы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі балалармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Құлқараева Гаухар Жұлдызбайқызы әділ қазылық етті. Байқау қатысушылары жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

28 наурыз 2025 ж. 746 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031