КЕЛІНІ ЖАҚСЫ ҮЙДІҢ КЕРЕГЕСІ АЛТЫН

Қатысушылар байқау шарттары бойынша алдымен өздерін жыр-шумақтары арқылы таныстырудан жарысқа түсті. Одан әрі «Ойлы болсаң озып көр» атты салт-дәстүрлер аясындағы сұрақтардың шартын орындауға көшті. Сайыс «Өнерлі келін – сүйкімді» атты келіндердің өз өнерін көрсету бағытындағы кезеңмен жалғасты. Соңғы бөлім қамыр жаю түрінде өтті. Яғни, байқауға қатысушы келіндер қамыр илеп, оны 10 минут ішінде жылдам кесуден сынға түсті. Осылайша үйдегі шаруасын ұршықша иіріп қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған келіндер өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Байқауға қатысушы 5 келін өз өнерлерін ортаға салды. .
Сайыс соңында келіндерге қара қылды қақ жаратын әділ қазы мүшелері сондай-ақ ауыл әкімі түрлі алғыс хат пен сый-сияпат табыстады. Атап айтар болсақ, үздік деп танылып, топ жарған Гүлханым Ералықызы бас жүлдені иемденді. I орын тәлім-тәрбиесі мол аңыз-әңгімелерді көп біліп, салт-дәстүрді жетік меңгеруімен Ақбота Еркінқызына, II орын ерекшелігімен көзге түскен Ақниет Кеңесқызына бұйырды. Ал III орынды Жанар Орынбасарқызымен Мейрамкүл Әзиқызы қанжығасына байлады.
Сымбат Сұлтан