Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әжелер өнегенің бастауы

Әжелер өнегенің бастауы

Жуырда «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы «Иіркөл» ­бастауыш партия ұйымы төрағасы Ж.Рыспембетованың ұйымдастыруымен 1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Иіркөл ауылдық округінің №149 Ә.Монтаев атындағы мектепте үлкенді құрметтеп, қадірлеп, ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Әже – отбасының ажары, немере – өмірдің базары» атты сайыс өтті. Сайысқа барлық өнегесін өн бойына сыйдарған ақ кимешекті әжелер мен немерелері жиналды.
Аталған сайыстың мақсаты аяулы әжелерімізді, ардақты аналарымызды құрметтеуге тәрбиелеу, қазақтың салт-дәстүрлерін бала бойына сіңіру. Сондай- ақ, байқауға Әтіркүл Шорабаева, Айымкүл Қоянбаева, Күнімай Әлиева, Нағима ­Асанова, Назира Дарханбекова немерелері: Айшолпан Елтай, ­Жанерке Серікбай, ­Еркеназ Айтөре, Еңлік Қыпшақбай, Қарақат Құрманәлімен бірге таныстырылым жасады. Сайысқа қатысқан әжелердің барлығы өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу мақсатындағы шара әже тәлімін үлгі етті. Әжелердің айтқан әрбір сөзі асыл екені, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану қажеттігі міндеттелді. Әжелер өнегесі арқылы баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету міндеттелді. Сайысқа бастауыш сыныптан бес оқушы және олардың аяулы әжелері қатысты.
Сайыс үш кезеңнен тұрды. Атап айтар болсақ, «Таныстыру», «Мен- әжемнің кішкентай қолқанаты», «Сыр сандық», деп аталды. Шарттары бойынша барлық әжелер немерелерімен бірге өнерлерін ортаға салды. Ән шырқалды, би биленді, сахналық қойылымдар қойылды. Сайыстың қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сыздықтың Алғыс хатымен, демеушілер тарапынан түрлі сый-сияпаттармен марапатталды. Абайдың әжесі – Зере, Шоқанның әжесі – Айғанымның үлгісін көрсеткен бүгінгі әжелеріміз шараны ұйымдастырушыларға ықыласы мен алғысын білдірдіп, ақ баталарын берді.

Шапағат ТІЛЕУБАЙ
05 наурыз 2022 ж. 337 0