Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әжелер ән салды

Әжелер ән салды


Дана халқымыз үлкендерге құрмет көрсетіп, қарттарын төріне отырғызып, олардың айтқан ақылына, өсиетіне құлақ салып, үлгі тұтқан. Әжелер өнегесі ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, ғасырдан-ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі.
Бәйгеқұм ауылдық клуб үйінде, қарттар күні және Шиелі ауданының 90 жылдығы аясында «Шиелім, киелім, жыр елім» атты аудандық әжелер ансамблінің ән байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – мәдениет пен әдет-ғұрыпты жастардың бойына сіңіріп, жастарға тарихымызды тану болып табылады.
10 ауылдан әжелер ансамблі қатысқан байқауға Ө.Исмаил, Ә.Оспанов, И.Байкенжеев және Қ.Бекпейісовтер қазылық етті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Сұлутөбе ауылының «Асыл әжелер» ансамблі алса, І-орынды Бәйгеқұм ауылының «Ақ әжем – алтын қазынам» әжелер ансамблі алды. Ал, ІІ орынды Байсын ауылының «Байсын әжелері» мен Еңбекші ауылының әжелер ансамблі, ІІІ орынды Жөлек ауылының «Әжелер сазы» мен Тәжібаев ауылының әжелер ансамблі өзара бөлісті. Жүлделі орындарға диплом және естелік сыйлықтар мен барлық қатысушы әжелер ансамбліне ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

«Өскен өңір» ақпарат.
06 қазан 2018 ж. 1 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031