Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Музей – өлкенің тарихы

Музей – өлкенің тарихы

2018 жылдың 18 мамыр күні Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде 18 мамыр Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай «Музей-таным мен тарихтың бастау бұлағы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш шара аясында Шиелі ауданындағы мектептерде ашылған қоғамдық негіздегі музейлер арасында музей қорындағы экспонаттардан «Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы» атты көрме қойылды. Музей жетекшілері музей тарихымен таныстырып, жинақталған құнды экспонаттарына экскурсия жүргізіп таныстырды. Сонымен қатар мектеп оқушылары өз ынталарымен дайындаған музей туралы өлеңдерін оқып, мерекелік ән-би орындады. Мектеп оқушылары музейге сый акциясы барысында музейге бір экспонаттан сыйға тартты. Музей жанынан құралған әжелер ансамблі келешек ұрпаққа салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында келі түю, диірмен тарту, құрт жаю, күбімен айран пісу, майсөк жасау, бауырсақ пісіру, самаурын қайнату көріністерін көрсетті. Шара соңында мерекелік ойындар ойнатылып, концерттік бағдарламаға ұласты.
21 мамыр 2018 ж. 2 067 0