Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың тапсырмасына сәйкес, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Рейдтік іс-шараға аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Досым Абуов, қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев, білім бөлімінің мамандары мен полиция қызметкерлері қатысты.

Рейд барысында компьютерлік ойын-сауық орындары, қоғамдық орындар, спорт алаңдары мен аудан көшелері тексерілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүруге қатысты заң талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, мас күйінде көлік басқару деректерін анықтау және қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылау жұмыстарына ерекше назар аударылды.


		</div>	

		<div class=
30 қазан 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

№80 (9447)

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031