Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 90-нан астам жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Қызылордада 90-нан астам жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Қызылордада полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы барысында басқармаға 91 жасөспірімді жеткізді.


Сурет: ҚР ІІМ

Қызылорда қаласы полиция басқармасының ұйымдастыруымен қала көлемінде мамыр айының 10-12 күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында құқық бұзушы 91 жасөспірімді басқармаға жеткізіп, олардың ата-аналарына 91 әкімшілік хаттама рәсімдеді.
Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздікті болдырмау, қылмыстардың алдын алу түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және ересектердің бақылауынсыз көшеде жүрген балаларды анықтап, ата-аналарына тапсыру бойынша түнгі тексеру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, құқық бұзушы жасөспірімдердің ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын –сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша 67 әкімшілік шара көрілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша 3 хаттама рәсімделді.

«Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауды көздейді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, құқық бұзушыларға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады», – деді басқарма бастығының бірінші орынбасары Ердәулет Жаукеев.
14 мамыр 2024 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031