Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

Қызылордада жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды



ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада үйден үлкендердің рұқсатынсыз шығып кеткен екі жасөспірім бір күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны полицияға телефон шалып, онда екі баласының бір күннен бері хабарсыз еткенін мәлім етті. Олар отбасында ешкімге айтпай, белгісіз жаққа кетіп қалған.

Полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Жедел іздестіру шарасы барысында екі жасөспірім облыс орталығы көшелерінің бірінен табылған. Аталған дерек бойынша олардың заңды өкіліне әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды.

Қызылорда облысы Полиция департаменті 2-3 тамыз күндері облыс аумағында «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізді. Іс-шара барысында сағат 22:00-ден 6:00-ге дейінгі уақыт аралығында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын жайдан тыс жерлерде болу деректері анықталды.

«Нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 132-бабы бойынша жасөспірімдердің түнгі уақытта бейберекет жүруіне жол берген ойын-сауық орындары әкімшілігіне қатысты 6 оқиға анықталды. Оларға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мұндай жазаға ойын-сауық орындарында жүрген 13 кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілдері де тартылды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

www.inform.
07 тамыз 2019 ж. 827 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031