Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жоғалып кеткен 9 жасар бала аман-есен табылды

Қызылордада жоғалып кеткен 9 жасар бала аман-есен табылды

ÒÑзÑлоÑдада жоÒалÑп кеÑкен 9 жаÑÐ°Ñ Ð±Ð°Ð»Ð° аман-еÑен ÑабÑлдÑ

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде түнге қарай жоғалып кеткен тоғыз жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жергілікті полицияның кезекші бөліміне түнгі уақытта Тасбөгет кенті тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Онда кент тұрғыны 2010 жылы дүниеге келген ұлының үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.  Ювеналды полиция инспекторлары дереу іздестіру шараларын бастады. Нәтижесінде барлық туыстары, таныстарының және сыныптастарының үйлері, көшелер, көпқабатты үйлердің жертөлелері қаралды. Дегенмен үйінен беймезгіл уақытта шығып кеткен бала бірден табыла қойған жоқ. Таңғы сағат 7.00 шамасында жасөспірім танысының бірінің үйінен аман-есен табылды. «Бұл іздестіру шаралары барысында қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Гүлзира Ысқақова белсенділік танытты. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған оқушымен және ата-анасымен профилактикалық алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 inform.kz 
22 сәуір 2019 ж. 894 0