Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам Башқұртстаннан табылды

Қызылордада бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам Башқұртстаннан табылды


Осыдан бір ай бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен қызылордалық азамат Башқұртстаннан табылды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық полиция басқармасына ағасының 10 ақпаннан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы шағым түсірген. Ер адам автокөлік сатып алу үшін Башқұртстан астанасы Уфаға кеткен. 
Полиция қызметкерлері бірден іске кірісіп, оны фотосуреті бойынша іздестіре бастаған.
«Шұғыл-іздестіру амалдарын бірден жүргізу керек болды. Башқұртстанның ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сауал жолдадық. Өз кезегінде ол іздестіру жұмыстары жылдамдатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде бір ай бойы із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам үйіне аман-есен оралды», - дейді Қызылорда облыстық полиция департаментіндегілер. 
Stan.kz 
14 наурыз 2019 ж. 1 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031