Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Кемероводағы “Зимняя вишня” сауда орталығындағы өрттен кейін із-түзсіз жоғалып кеткен үш адамды аман-есен тапты. Қайғылы оқиғадан кейін Кемерово тұрғындарынан құрылған еріктілер тобы өрт кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 13-14 адамның тізімін құрған. Олардың бәрі ресми тізімде тіркелмеген болып шықты. Олардың жоғалғаны туралы хабар алған билік өкілдері аталған адамдарды іздеуді бірден бастады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.