Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Науқастардың бауырына өз ныспысын қалдырған хирург жазадан сытылып кетті.

Науқастардың бауырына өз ныспысын қалдырған хирург жазадан сытылып кетті.


Британияда ота кезінде науқастардың бауырына өз ныспысын күйдіріп жазған хирургқа 10 мың фунт (4 миллион теңгеден аса) көлемінде айыппұл салынды. Саймон Брэмелл өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айыру жазасынан сытылып кетті, деп хабарлайды BBC басылымына сілтеп Stan.kz.


53 жастағы дәрігерді шетелдік басылым «өзін ерекше жақсы көретін хирург» атап кеткен. Ол 2013 жылы Бирмингемдегі ауруханада жұмыс істеп жүрген кезінде, ота уақытында наркоздың әсерінде жатқан науқастардың бауырына аргонды құрылғымен өз ныспысын күйдіріп жазған.
Ол өз кінәсін толықтай мойындады.
Сот дәрігердің зардап шеккендерге жасаған әрекетін науқасқа соққы жасаумен теңестірген.  Десе де дәрігер науқастарды жұдырықтап ұрмағандықтан, сот олардың шынтуайтында ешқандай соққы алмағанын ескерді.
Брэмеллге айыппұлдан бөлек, 12 ай көлемінде қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту жазасы кесілді.
Саймон Брэмелл 2013 жылы зардап шеккендердің біріне донорлық бауырды орнатып, өмірін аман алып қалған.
Алайда бір аптадан кейін бауырдың қызметі бұзыла бастапты. Науқасқа қайта ота жасалғанда, өзге дәрігер оның бауырынан көлемі 4 сантиметр болатын «С.Б.» ныспысын көріпті. Мұнан кейін ол науқастың бауырына күйдіріліп жазылған ныспыны суретке түсіріп алған.
«Сіздің әрекетіңіз – өз өкілеттілігін асыра пайдалану, сізге өмірін сеніп тапсырған науқастарған сатқындық жасау. Десе де мен сіздің науқастардың денсаулығына зиян келтіргіңіз келмегенін білемін», – деді сот төрағасы.
Мұнан кейін Брэмелл «ескерткіш ретінде» ныспысын қалдырғанын мойындады. Ал 2014 жылы ауруханадан өз еркімен жұмысынан кеткен. Ол қазіргі уақытта Лондонның солтүстігіндегі графтықта денсаулық сақтау жүйеісінің кеңесшісі болып қызмет атқаруда.
14 қаңтар 2018 ж. 922 0