Майкл Джексонның көзі тірісінде қалдырған мұрасы байлық көзіне айналды
Forbes журналында дүйсенбіде жарияланған тізімде Майкл Джексонның есімі өзгелерден көш ілгері болды. Журнал жыл сайын көзі тірісінде қалдырған мәдени мұрасы өзі дүние салғаннан кейін де табыс әкелетін танымал тұлғалардың рейтингін жариялап отырады.
Forbes-тің жазуына қарағанда, 2009 жылы дүние салған «поп-музыка королі» осы тізімде қатарынан бесінші жыл көш басында келеді.
Басылым қызметкерлерінің есебі бойынша, Майкл Джексонның еңбектері мен оған тиесілі меншікпен байланысты операциялар мұрагерлеріне ағымдағы жылдың 15 қазанына дейінгі 12 айда 75 млн АҚШ доллары көлемінде табыс әкелген.
Екінші орында былтыр қыркүйекте қайтыс болған гольф шебері Арнольд Палмер есімі аталды. Оның мұрасы 40 млн доллар табыс әкелген. Ал үшінші орында 2000 жылы қайтқан америкалық карикатурашы Чарльз Шульц (38 млн) тұр.