Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӨЛ ТЕҢГЕМІЗ ТӨЛҚҰЖАТЫМЫЗ

ТӨЛ ТЕҢГЕМІЗ ТӨЛҚҰЖАТЫМЫЗ

Ертең – төл теңгеміздің туған күні. 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енгізілген ұлттық валютамыз тәуелсіз ел екенімізді айғақтады. Осы күннен бастап рубльге байланған экономикадан арылып, өз ақшамызбен есеп-қисап жүргізе бастадық. Ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық сананы билеген бір жапырақ қағаздың құны мемлекеттің тәуелсіздігінен, елдің егемендігінен, халықтың азаттығынан хабар берсе керек. Өйткені, Әбу Насыр әл-Фараби, Құрманғазы Сағырбайұлы, Абылай хан сынды ұлтымыздың білім-ғылымын, мәдениетін өрге шығарған аяулы тұлға, асыл ұлдары бейнеленген төл теңгеміз жарық көрді.Алғашқы ақшаға тұлғалар мен қатар ақбас Алатау мен сұлу Көкше көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар салынды. Биыл теңгенің айналымға енгеніне 24 жыл толып отыр. Оның алғашқы партиясы Англияның астанасы Лондон қаласында 400 жылдан астам тарихы бар «Хариссон және ұлдары» компаниясында басылып, 1993 жылы мамыр айында ұшақпен Қазақстанға жеткізілген екен. Біздің теңге Британияның ең үздік экспорттық тауары атанып, Ұлыбритания патшайымының Алтын белгісі жүлдесін алып береді. Ал, қазір төл теңгеміз шетелде емес, өз елімізде жасалуда. Қағаз банкноталар Алматыдағы ұлттық банктің банкнот фабрикасында, темір ақша Өскемендегі монета сарайында шығарылады. Әлемдік тарихқа көз жүгіртсек, адамзат өркениетінің дамыған тұстарында туы желбіреп, байрағы асқақтаған әрбір мемлекеттің өз валютасы болғандығын байқаймыз. Теңгеміз пайда болған сәттен түрлі жағдайды басынан өткерді. Біз бірінші болып зейнетақы реформасын енгіздік. Сондай-ақ, банктердің депозиттерге кепілдік беру ісін де ең алдымен қолға алғанбыз. ТМД аумағында өз банкнот фабрикалары бар ел санаулы: Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Украина.
Теңгенің ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынды. Себебі, ол кезде әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған. Ал, валютаны өмірге әкелген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтар дизайнын екі айда дайындап шыққан. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталады. Ал, ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағаласа, кейін еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бағаланған екен. Айта кетейік, теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. Ал, бүгін долларға деген сұраныс теңгенің құнсыздануына әкелуде. Әсіресе, 1994-1996 жылдары теңге қатты құнсызданған болатын. Дәл осы кезде кәсіпорын, фабрикалар жабылып жатты. Жұмыссыздық көбейді. Бюджет қызметкерлері бірнеше ай бойы жалақысын, зейнеткерлер зейнетақысын ала алмады. Дегенмен, теңге қанша құнсызданса да инфляцияны жеңді. Экономиканы тұрақтандыруда теңгенің ықпалы зор болды.
14 қараша 2017 ж. 2 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930