Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 26 қазанда еліміздің он қаласында ауа сапасына теріс әсер етуі мүмкін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, ҚМЖ Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау мен Астанада байқалуы мүмкін. Қолайсыз метеожағдайлар – ауа қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін табиғи құбылыстардың жиынтығы (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия). Мұндай жағдайда атмосфералық ауа сапасы төмендеп, адам денсаулығына кері әсер ету қаупі артады. Мамандардың айтуынша, ластану деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар – желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы. Бұған дейін синоптиктер 26 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жаңбыр, тұман және екпінді жел болатынын да ескерткен.


26 қазан 2025 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031