Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды16 қазан күні синоптиктердің мәліметінше, бүгін Ақтөбе, Алматы және Павлодар қалаларында атмосфераның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи факторлардың (тыныш ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.


16 қазан 2025 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031