Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады

"Қазгидромет" РМК бүгін, 13 мамырда қалалардағы метеорологиялық ахуал туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Синоптиктердің болжамынша, 13 мамырда Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдайлар қолайлы болады. Алайда Көкшетау, Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Қолайсыз метеожағдайлар (НМУ) — атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі. Мұндай жағдайда елді мекендерде ауаның сапасы төмендеуі мүмкін. Ауа сапасына әсер ететін негізгі факторлар — желдің жылдамдығы мен бағыты, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы. Осы метеорологиялық көрсеткіштер ластаушы заттардың таралу немесе жиналу ықтималдығын айқындайды. Мамандар аталған қалалар тұрғындарын ауа сапасына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады, әсіресе тыныс алу жолдары сырқатына шалдыққан азаматтарға сыртта ұзақ жүрмеу ұсынылады.
13 мамыр 2025 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

№89 (9356)

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031