Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.- 2025 жылғы 10 маусымда Ақтөбе қаласында, түнде Қостанай, Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
		






