Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАЛДЫРАР ЕҢ БАСТЫ МҰРАМЫЗ – ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН!

БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАЛДЫРАР ЕҢ БАСТЫ МҰРАМЫЗ – ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН!

Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан: «Біз келе жатқан жас ұрпақтарға жоспарлар мен тұжырымдар емес, экономикасы қуатты, технологиясы дамыған, білім мен ғылымға негізделген, заңды мойындайтын, жасампаз әрі озық, геосаяси тұрғыдан күші мен ықпалы бар Қазақстанды қалдыруымыз керек» деген тұжырымы – ел болашағына қатысты үлкен жауапкершілікті айқындайтын маңызды ой.
Шын мәнінде, ұрпақ алдындағы ең үлкен парызымыз – оларға құрғақ уәде мен орындалмаған жоспарларды емес, іргесі берік, экономикасы тұрақты, ғылымы мен технологиясы дамыған, бәсекеге қабілетті, әлеуеті жоғары мемлекет қалдыру.
Қуатты мемлекет болу – тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Ол – ең алдымен, білімді ұрпақ, сапалы ғылым, озық технология, әділетті қоғам, үстем заң және жауапты азаматтық ұстаным арқылы қалыптасады. Елдің шынайы байлығы – табиғи ресурстары ғана емес, оның білімді азаматтары, білікті мамандары, жаңашыл жастары мен жасампаз халқы.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде әлемдік бәсекеге қабілетті болу үшін Қазақстан ғылым мен инновацияны дамытуға, өндірісті өркендетуге, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге, отандық кәсіпкерлікті қолдауға және адами капиталдың сапасын арттыруға басымдық беруі қажет. Экономикасы қуатты ел ғана өз тәуелсіздігін нығайтып, ұлттық мүддесін қорғай алады. Ал білім мен ғылымға сүйенген қоғам ғана уақыт талабына сай жаңарып, өркениетті елдер қатарынан лайықты орын алады.
Сонымен бірге, заң үстемдігі мен әділеттілік – қуатты мемлекеттің ажырамас тірегі. Заң бәріне ортақ, еңбек бағаланатын, адалдық пен жауапкершілік үстемдік ететін қоғам қалыптастыру – ортақ міндетіміз. Өйткені мемлекеттің дамуы тек билікке ғана емес, әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігіне де байланысты.
Біз жас ұрпаққа тек жақсы өмір сүруге мүмкіндік беретін емес, әлемдік деңгейде ойлайтын, ғылымда жаңалық ашатын, технологияда жаңашылдық жасайтын, экономикада бәсекеге түсетін, халықаралық аренада өз сөзі мен салмағы бар Қазақстанды аманат етуіміз керек.
Ол үшін бүгін әрқайсымыз өз орнымызда адал еңбек етіп, сапалы білім алып, кәсібімізді дамытып, заңды құрметтеп, елдің өркендеуіне нақты үлес қосуымыз қажет. Себебі болашақ өздігінен қалыптаспайды. Болашақ – бүгінгі еңбектің, дұрыс шешімнің, табанды әрекеттің және ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.
Қазақстанның қуаты – халқының бірлігінде, экономикасының тұрақтылығында, ғылымының жетістігінде, жастарының білімінде және заңға негізделген әділетті қоғамында!
Біз келер ұрпаққа қандай мемлекет қалдыратынымызды бүгінгі ісімізбен айқындаймыз. Сондықтан біздің мақсатымыз – болашақ туралы әдемі сөз айту ғана емес, сол болашақты бүгіннен бастап бірге қалыптастыру.
Өйткені ұрпаққа қалдырар ең қымбат мұрамыз – байтақ жеріміз бен тәуелсіздігімізді сақтай отырып, дамыған, өркендеген, абыройы асқақ, қуатты Қазақстанды аманат ету!

Байділдаева Рауза Байсалбайқызы
Ы.Жақаев ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы

16 қараша 2026 ж. 20 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9453).

14 қараша 2026 ж.

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30