Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда eGov арқылы төлемдер мөлшері 41,5 млрд теңгеден асты

Қазақстанда eGov арқылы төлемдер мөлшері 41,5 млрд теңгеден асты


Қазақстанның электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы төлемдер 41,5 млрд теңгеден асты. 2017 жылдың 9 айында портал арқылы 12,5 млрд-тан астам теңгеге операциялар жасалған. 2016 жылы бұл көрсеткіш 14,2 млрд теңгеден жоғары соманы құраған еді.

Онлайн түрде ең көп төленгені — жол жүру ережесін бұзғандарға салынған айыппұлдар. Бұл жалпы төлемдердің 84 %-ін  (10,5  млрд теңге) құрайды.
Кейінгі кезекте салықтар, баж салығы және алымдар тұр. Олар барлық төлемдердің 11%-іне (1,3 млрд  теңгеден астам) тең.
Сондай-ақ қазақстандықтар электрондық порталды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есеп-шоттарын толықтыру үшін жиі пайдаланған. Бұл — барлық төлемдердің  4%-і (555 млн теңгеден астам). Төлемдердің 0,3 %-ті (35 млн теңгеге жуық) коммуналдық төлемдерге, БКБ қарыздарын өтеу мен ұялы телефон байланыс төлемдеріне жұмсалған.
Бүгінгі күні eGov порталы арқылы 46 қызметті төлеуге болады.
10 қараша 2017 ж. 1 609 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930