Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Илон Маск Wikipedia-ға балама жасап шығарды

Илон Маск Wikipedia-ға балама жасап шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық кәсіпкер, әрі миллиардер Илон Маск Wikipedia-ға бәсекелес болып табылатын Грокипедияны іске қосты, деп хабарлайды The Washington Post. Басылымның мәліметінше, сайт стилі мен форматы жағынан Википедияға ұқсайды. Қазір мұнда ChatGPT, Дайан Китон және 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты сияқты тақырыптарға арналған мақалалар жарияланған.  Жоба — Масктың танымал технологиялық құралдарға балама жасау үшін өзінің хAI компаниясы әзірлеген Grok-ты қолданудың соңғы әрекеті. Айта кетейік, Grok ChatGPT-ге ұқсас жасанды интеллект жүйесі. Илон Масктың кейбір жақтаушылары жобаның іске қосылуын асыға күтті. Ал сыншылар өтірік ақпараттар мен Википедия мәтіндерін сөзбе-сөз көшіретін мақалалардың мысалдарына назар аударды. Сайтты іске қосқан кезде онда 885 мыңға жуық мақала орналастырылған, ал ағылшын тіліндегі Wikipedia-да 8 миллионнан астам мақала бар. Grokipedia.com бірнеше сағат бойы жұмыс істеп тұрды. Бірақ кейбір пайдаланушылар оны іске қосқаннан кейін көп ұзамай мәселелер туындағанын хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін Илон Масктың фото мен видео жасауға арналған нейрондық желісі тегін болатыны туралы жазған болатынбыз.


28 қазан 2025 ж. 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930