Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Илон Маск TikTok-қа арналған жоспарын айтты

Илон Маск TikTok-қа арналған жоспарын айтты

АСТАНА.KAZINFORM  - Америкалық миллиардер TikTok-ты сатып алу ниеті туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды DW. Die Welt газеті өткізген бизнес-саммит барысында Илон Маск танымал қысқа бейне қосымшасы TikTok-ты сатып алуға мүдделі емес екенін айтты.
«Мен TikTok сатып алу туралы ұсыныс жасаған жоқпын», - деді Маск АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық кәсіпкердің қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі қосымшаны сатып алуына қарсы болмайтынын айтқан соң бір аптадан кейін. Маск қолданбаны жеке пайдаланбайтынын, оның форматын білмейтінін және TikTok үшін «жоспары жоқ» екенін қосты.
Оның айтуынша, қазіргі X деп аталатын Twitter медиа платформасын сатып алу өзі үшін ерекше оқиға болды.«Мен әдетте компанияларды нөлден бастап көтеремін», - деп атап өтті Маск.




09 ақпан 2025 ж. 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930