Қоғамға қызмет – ұрпаққа өнеге
Бүгін, 5 қарашада, Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Қоғамға қызмет – ұрпаққа өнеге» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.Іс-шараға Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, қоғам белсенділері және шақырылған азаматтар қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – «Арылу» қоғамдық қорының негізін қалаушы әрі алғашқы төрағасы Юн Владимир Петровичтің өмір жолы мен қоғамдық қызметін еске алып, ел игілігі жолындағы бастамаларын насихаттау және оның өнегелі мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу болды.
Дөңгелек үстел барысында Владимир Петрович Юнның азаматтық ұстанымы, қоғамдық қызметі, «Арылу» қоғамдық қорының қалыптасу тарихы мен әлеуметтік бағыттағы бастамалары сөз болды. Қатысушылар оның қоғам игілігі жолындағы еңбегіне тоқталып, естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар басталған игі істерді жалғастыру жолдары жөнінде пікір алмасты.
Жиын барысында 2026 жылғы 12 қарашада өтетін Юн Владимир Петровичті еске алу іс-шарасының бағдарламасы да пысықталды. Атап айтқанда, еске алу шарасының форматы мен мазмұны, қатысушылар құрамы, ұйымдастыру және ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ еске алу бейнеролигі мен фотоматериалдарды әзірлеу мәселелері қарастырылды.
Бұдан бөлек, волейбол турнирін өткізу, Құран бағыштау және еске алу асын ұйымдастыруға қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар ортаға салынды. Басқосудың түпкі мақсаты – қоғамға адал қызмет етіп, артында өнегелі із қалдырған азаматтың еңбегін ұлықтау, оның өмірлік ұстанымы мен қоғамдық бастамаларын кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Кездесу барысында айтылған пікірлер мен ұсыныстар игі істердің жалғасын табуына бағытталды.
"Асыл мұра - Орда" қоғамдық қорының баспасөз қызметі







