Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАР: ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» АТТЫ АЗАМАТТЫҚ ДИАЛОГ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

«ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАР: ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» АТТЫ АЗАМАТТЫҚ ДИАЛОГ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

«Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалы және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық бастамалар: даму перспективалары» тақырыбында азаматтық диалог семинары өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты азаматтық қоғам институттарының өзара байланысын нығайту, үкіметтік емес ұйымдардың қоғам дамуындағы рөлін арттыру және азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тетіктерін талқылау.

Семинарға «Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Жібек Баймұратова, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, қоғамдық бірлестіктер, белсенді азаматтар, сарапшылар және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жүрген бастамашыл топтардың өкілдері қатысты. Семинарды «Жомарт өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларға қолдау көрсету» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мая Наримова жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтық қоғамды дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективалары, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі үлесі, азаматтық бастамаларды қолдау, мемлекеттік органдар мен қоғамдық сектор арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға кешенді қолдау көрсету, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық мәселелерді ерте кезеңде анықтау және тиісті қызметтерге бағыттау тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы елдегі әлеуметтік тұрақтылық пен өзара сенімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибесі мен әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.

Форум аясында азаматтық бастамаларды жүзеге асыру барысында кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Қоғамдық жобаларды қолдау, волонтерлік қозғалысты дамыту, әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешу және азаматтардың құқықтық әрі қоғамдық сауаттылығын арттыру бағыттары да назардан тыс қалмады.

Спикерлердің пікірінше, азаматтық қоғам институттарының тұрақты дамуы үшін ашық диалог пен өзара ынтымақтастықтың маңызы зор. Мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және белсенді азаматтар арасындағы серіктестік нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғамның сұранысына сай бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Азаматтық диалог алаңы тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылауға және жаңа идеяларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық алаңға айналды. Алдағы уақытта да мұндай кездесулер азаматтық бастамалардың дамуына және қоғамдағы белсенді азаматтардың әлеуетін арттыруға өз үлесін қоспақ.
18 қыркүйек 2026 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930