Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Келелі кеңес

Келелі кеңес


Жуырда «Nur otan» партиясы Шиелі аудандық филиалында өңірдегі жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинар кеңес өтті. Оны аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов жүргізді.
Кеңеске аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Оразов, аудандық Әділет басқармасының басшысы С.Ибраев және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасының жобасы турасында болды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Г.Махан осы мәселе жайында баяндама оқыды. Ал келесі мәселе аудан көлеміндегі үкіметтік емес ұйымдардың дерекқор базасына уақытылы тіркелуі жөнінде Қазақстан Республикасының заңдылықтарын түсіндіру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тапсырыс аясындағы әлеуметтік жобалары мен бөлінген қаржысы төңірегінде өрбіді. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Б.Өтебаев баяндама жасады. Үкіметтік емес ұйым жетекшілері кеңесте көтерілген мәселелерді талқылып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ

04 ақпан 2020 ж. 892 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930