Кезекті кеңес отырысы өтті
Шілденің 26-ы күні аудан әкімдігінде «Үкіметтік емес ұйымдар мен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес» отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Жаниязов төрағалық етті. жиналыста аудандық үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және азаматтық қоғам институттарын дамыту мақсатында атқарған шаралар мен алға қойған міндеттер туралы айтылды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау бағытында атқарып жатқан жұмыстар мен аудан көлемінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарды тарту бағытында жүзеге асырған шаралар да қозғалды.
Кеңес отырысында ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Төлегенов баяндама оқыды. Сондай-ақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы И.Байкенжеев те сөз сөйледі.
Ол өз кезегінде: «Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүзеге асып келеді. Ауданда 39 қазақ және 2 аралас мектеп бар. Аудан мектептеріндегі білім алған биылғы мектеп бітірушілердің жалпы саны 592 болды. Оның ішінде қазақ ұлты – 563, орыс ұлты – 22, ал кәріс ұлты – 7», – деді.
Ал Ж.Баймұратова: «2019 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Шиелі ауданы бойынша ҚР-ның қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес, өңірлерде әрекет етпейтін үкіметтік емес ұйымдардың санын нақтылауға байланысты жұмыстар жүргізілді. ҮЕҰ дерекқорлар базасында қазіргі таңда 12 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 9 қоғамдық бірлестік, 3 қоғамдық қор бар», – деп мәлімдеді.
Екі баяндамашыдан кейін А.Төлегенов өз жұмысымен таныстырды.
– Аудан бойынша 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 461 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, оның 300-і немесе 65 пайызы және 2018 жылдың жеке оңалту бағдарламасы бойынша 829 жеке оңалту бағдарламасы орындалды, – деді ол.
«Өскен өңір» ақпарат