Нәтижелі жұмыспен қамту жүйелі жүргізілуде
Халықты нәтижелі жұмыспен қамту өз жемісін беруде. Жеке кәсіп ашып, нәпақасын табуға үкімет қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта Көкшоқыдағы «Арман» мәдениет үйінде облыстық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ж.Даулетбаева, облыстық әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Ш.Алмашева, облыстық БЗЖҚ-ның басшысы Б.Бұхарбаева халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ақпараттық мобильді топпен жиын өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы И.Байкенжеев және ауыл әкімдері қатысты.
Алдымен сөз тізгінін алған Ж.Даулетбаева «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы баяндама жасады. Онда бағдарламаның басты мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкелікке тарту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту екенін нақтылай түсті. Сондай-ақ, бағдарламаның индикаторлына қол жеткізу үшін 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізу керектігін де айтты. Оның бірінші міндеті – еңбек нарығының қажетіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. Бұл бағытта бүгінгі таңда 379 азамат 12 түрлі мамандықты оқуға жолдама алды. Ал, екіншісі «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқыту. Аудан бойынша 184 адам оқу курсын аяқтап, 131-і бизнес жобаларын қорғап шықты. Сонымен қатар, кәсіпкерлік бастаманы қолдау аясында 62 азаматқа 252,3 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді. Бағдарламаның үшінші бағыты – жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіп таңдауға көмектесу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар практикасын, қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделеді. Осы бағытта үстіміздегі жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 17 417 теңге, жастар практикасына 35 721 теңге бөлінді.
Одан әрі Ш.Алмашева «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» туралы баяндамасында бұл көмек түрі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға тағайындалатынын жеткізді. Ал, А.Бұхарбаева «Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер» жайлы баяндамасында 2018 жылдан бастап әйелдерге зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен ұлғаятынын мәлімдеді.
А.АЛДАБЕРГЕНОВ,
«Шиелі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
КММ-нің директоры.