Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » берері көп бағдарлама

берері көп бағдарлама

Өмірлік қиын жағдайлардан шығу мақсатында «Өрлеу» жобасының беретін мүмкіндіктері туралы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Өмірде қиын жағдайға тап болған адамға отбасынан туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және олардың қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктері жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені. Мемлекет басшысының әлеуметтік қолдау бойынша берген бірқатар тапсырмалары азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатындағы шаралардың жалғасы болып табылады. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» шараларын іске асыру аясында 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап қазіргі таңда аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің үш түрі атаулы әлеуметтік көмек түріне жаңа үлгіде өзгертіледі. Ол отбасының жұмысқа жарамды мүшелерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді түрде қатысқан жағдайда ғана беріледі», – деп түсіндірді.
Енді ауыл әкімі, ассистент және консультанттар үміткерлермен әңгімелесу жүргізеді, отбасының жұмыссыз жүрген мүшесіне жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты, ақылы қоғамдық немесе әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынады, отбасындағы мектеп бітірген мамандығы жоқ жастарды кәсіби оқыту курстарына жолдайды. Егер осы азаматтар жұмысқа орналасуға келісім берген жағдайда отбасымен әлеуметтік келісім шартқа отырып, осы отбасының жан басына шаққандағы табысы белгіленген азық-түлік себетінен аспаған жағдайда 6 айға шартты ақшалай көмек тағайындалады.
Шартты ақшалай көмекке үміткер отбасындағы жұмысқа жарамды, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру арқылы, оның отбасына тұрақты жалақы кіргізе отырып, қосымша әлеуметтік қолдау жасалады деп сөзін аяқтады.

А.Бакиров,
Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.
21 қараша 2017 ж. 1 509 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930