Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіркелмей кәсіппен айналысу - заңға қайшы

Тіркелмей кәсіппен айналысу - заңға қайшы

Қараша айының 2 жұлдызында Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, «Нұр Отан» партиясы мен кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалынан және кент әкімі аппаратының мамандары, сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейд ұйымдастырылып, кент орталығындағы такси тұрақтарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізген еді.Мамандар «Арзан» сауда орталығы, орталық стадион, автовокзал, базар маңында орналасқан такси қызметімен айналысатын жүргізушілерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР-ның Кодексін (Салық кодексі) ҚР-ның бүкіл аумағында жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға қолданылатынын және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылатындығы жөнінде түсіндірді. Сонымен қатар, Шиелі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелмей заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетінін ескертті. Сондықтан, такси қызметімен айналысып жүрген жандарға аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына келіп салық төлеуші ретінде тіркелуіңіз керек екендігін хабарлайды. Егер де тіркелмеген жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463 бабының 1 тармақшасына сәйкес 15 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынатынын айтты, яғни, 15*2269= 34035 теңге көлемінде.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесінің енгізілуіне байланысты дара кәсіпкерлер де жарна төлеуді бастайды. Жаңа жобада кәсіпкердің табысына қарамай, екі төменгі жалақы көлемінің 5 пайызына тең стандартты ставка белгіленген. 2017 жылға ең төменгі жалақы көлемі 24459*2=48918. 48918*5=2446 теңге.

Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ.
15 қараша 2017 ж. 1 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031