Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КҮРМЕУІ ШЕШІЛУІ ТИІС КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ

КҮРМЕУІ ШЕШІЛУІ ТИІС КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ

Осыған орай өткен жұмада арнайы рейд ұйымдастырылып, аудан әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы және БАҚ өкілдерінен арнайы топ құрылып көмір сатылатын орындарды аралап, жұмыс барысын бақылаған едік.
Біз айтқан «Сельхозхимия» мекемесіне барғанымызда ұзын-сонар кезекті көрдік. Гүрілдеген жүк көліктері бірі-бірінен асып түсіп кезекке таласуда. Бір көлік сиятын есікке үш көліктің тұмсығы қабаттасып тұр. Бұдан бөлек көмір тиелген көліктер іштен сыртқа шыға алмай олар да әбігерленуде. Таразыға тартылмай сатылып жатқаны да шындық. Себебі, жүргізушілер таразыда тұрып уақытын текке кетіргісі келмейді екен.
Көмірді Қарағанды қаласынан алып келіп, елге сатып жатқан кәсіпкер Бахран Айтханжаев: «Біз көмірді тұтынатын жандардың қалауы бойынша сатамыз. Таразыға өлшеп алғысы келгендер өлшеп алады. Шыққан салмағына қарай ақысын төлейді. Ал, өлшемей осы болады дегендер біздің өлшеп бергенімізді қанағат тұтады. Тіпті, ешкімнің ренішін тудырмайтындай етіп артығымен салып беріп жатырмыз. Бұдан бөлек тағы вагондармен көмір келе жатыр. Халыққа көмір жетеді, еш алаңдаудың қажеті жоқ», – дейді ол.
Содан алты тонна көмір жүктелген көлікті таразыға тартқанымызда негізгі салмаққа 500 келі жетпей қалды. Ал, рейдке шыққан мамандар халыққа таразымен алғанның тиімділігін түсіндірмекші болғанда кейбір жүргізушілер «Бізге таразының керегі жоқ. Бәрібір біздің көмір емес. Клиенттікі ғой» деп жауап қатты. Иә, бұндай жүргізушілерге екі қойың бір сом. Бұлар тез кезек алып, көмірін апарып берсе болды. Таразысыз сатқаннан сатушы да, жүк көліктерін жүргізушілері де ұтылмайды, мұнда ұтылатын қарапайым халық.
Сондықтан, халық жалқаулыққа салынбауы тиіс. Өздері автокөлік иелерімен бірге қажетіне қарай көмірін алып, таразыға өлшесе ешкімнің ақысы кетпес еді. Сонымен қатар, халыққа қажетті көмірдің тұрғындарға жеткілікті мөлшерде алынып келінетіндігін ескерсек, еш даурығудың қажеті жоқ. Асығамыз деп өзгелерге есемізді жіберіп алмайық.

Ерұлан ДАТКЕНОВ.
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ.
10 қараша 2017 ж. 1 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031