Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық індет – оны жеңу міндет

Сыбайлас жемқорлық індет – оны жеңу міндет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – біздің еліміздің мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы ретінде қаралады. Бұның нақты дәлелі Қазақстан Республикасының 2015- 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы. Сонымен қатар «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің, жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекіткен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі ( Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) әрбір мемлекеттік қызметшінің қызмет көрсету кезіндегі негізгі ұстанымы болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуын тежейтіндігін, жалпы халықтың әл-ауқатын арттыруға үлкен кедергі екендігін түсініп, бас­ты назарда ұстауы керек. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы», « Мемлекеттік сатып алу туралы», Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңдардың талаптарын қатаң сақтап, күнделікті жұмысында қолдану мемлекеттік қызметшіге үлкен абырой, кәсіби маман болуға жетелейтіндігін ескертемін.

Ж.Байдаулетов,
Шиелі аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы.
15 қараша 2017 ж. 3 568 0