Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңге – ұлттық табыстың кепілі

Теңге – ұлттық табыстың кепілі


Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 24 жыл толып отыр. Осы мерекеге байланысты 15 қараша күні Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде «Теңге – Тәуелсіздік символы» атты музей қорында жинақталған ақшалар мен тиындардан тақырыптық көрме ұйымдастырылды.                    

Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500 ,1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банконаттар айналысқа шықты.
Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар
Алдыңғы шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынды.

Теңге Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 ж. қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа еңгізілді. Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Сонымен бірге, кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.
Ұлттық теңге өзінің тұрақтылығын күн өткен сайын дәлелдеп келеді. Өйткені ол – Ұлттық валюта. Теңгеміз көбейіп, табысымыз арта берсін, ағайын!
 
 Аягөз Жахаева
Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің
қор сақтаушысы 
15 қараша 2017 ж. 3 043 0