Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жастарды әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту және азаматтық қоғамдағы рөлін нығайту мәселелері талқыланады

Қызылордада жастарды әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту және азаматтық қоғамдағы рөлін нығайту мәселелері талқыланады

2026 жылғы 6 қарашада сағат 15:00-де Қызылорда қаласындағы Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «Жастарды әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту және азаматтық қоғамды дамытудағы жастардың рөлін нығайту» тақырыбында қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қызылорда облысында жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты (МӘТ) қалыптастыру және оны тиімді жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар мен ортақ ұстанымдар әзірлеу.
Дөңгелек үстел барысында жастар бастамаларын қолдау, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың басым бағыттары, жастар жобаларын қаржыландыру және жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы мәселелері талқыланады.
Іс-шараға Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының, облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық белсенділер мен жастар қатысады.
Кездесу аясында төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылады:
  • Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың жастар бастамаларын жүзеге асырудағы әлеуеті және МӘТ механизмдерін жетілдіру;
  • Қызылорда облысындағы мемлекеттік жастар саясаты: қаржыландыру басымдықтары және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өзекті бағыттары;
  • Жергілікті жерлерде жастар жобаларын жүзеге асыру тәжірибесі, жастардың сұраныстары және МӘТ байқауларына қатысу кезіндегі кедергілер;
  • Жастарды өңірдің қоғамдық өміріне тартудың цифрландыру және жаңа форматтары;
  • Азаматтық сектордағы резервті қалыптастырудағы студенттік өзін-өзі басқару моделінің рөлі.
Сонымен қатар ашық пікірталас және «Ашық микрофон» форматында қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жинақтайды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша өңірдегі жастар саясатын дамытуға, жастар бастамаларын қолдауға және азаматтық қоғам институттарымен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу көзделеді.

"Асыл мұра - Орда" қоғамдық қорының баспасөз қызметі
06 қараша 2026 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30