Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МАРГИНАЛДЫ ЖАСТАРЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МАРГИНАЛДЫ ЖАСТАРЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛДЫ


Облыстық жастар денсаулығы орталығы ұйымдастыруымен 2018 жылдың 18 – қаңтарында сағат 14-00 де «Біріксек біз алмайтын қамал жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қызылорда облысының «жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Әбіл Ертарғынұлы, жастар ресурстық орталығының жұмыспен қамту бөлімінің маманы Рахметов Нұрлыбек мырза және қала емханаларының психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты- жұмыссыз жастардың арасындағы суицидтік жағдайды болдырмау. Осыған орай, Қызылорда облысының «жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Әбіл Ертарғынұлы өз сөзінде жұмыссыздықты азайту мақсатында жастарды «Жасыл ел жастар жасағына», ал жастарресурстық орталығының жұмыспен қамту бөлімінің маманы Рахметов Нұрлыбек мырза «Жас құрылысшы жасағына» жастарды жұмысқа қабылдайтынын айтып өтті.
Шара барысыңда осы мәселені шешу жолдарын талқылай келе қала бойынша барлық емханаларда дөңгелек үстел өткізілу керек деп шешілді. Егер бастаған шарамыз оң нәтижелі болса аудандарда да өткізу жоспарлануда.

Кызылорда Жастар Денсаулык Орталыгы фейзбук парақшасынан

02 ақпан 2018 ж. 2 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9356)

22 қараша 2025 ж.

№88 (9355)

18 қараша 2025 ж.

№87 (9354)

15 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930