Жастарға артылар сенім зор
Жастар мәселесі, жастардың болашағы мен қоғамдағы орны елімізде қашанда маңызды мәселелер қатарынан түскен емес. Сондықтан да, түрлі орталықтар мен ұйымдар құрылып, жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру, оларға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Жыл басында ашылған «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сi осының бір айғағы.Орталық жұмысын бастаған аз ғана уақыт ішінде ауданымызда көптеген игі бастамалар жасалып үлгерді. Мәдени-көпшілік шараларды қоспағанда, мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетуге, жастарды жұмысқа орналастыруға, оқушылар, жастар парламенттерінің, театрдың құрылуына тікелей ықпал жасады. Өткен жұмада аталмыш орталықтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол» атты аудан жастарының форумы өтті. Таңертең басталған ауқымды шара аясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында ілгерілету тәсілдері, «Кәсіпкерлікке алғашқы қадам жасау», «Жастармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері» төңірегінде секциялық жиындар ұйымдастырылды. Содан соң кешкілік аудан әкімі Әшім Оразбекұлының қатысуымен пленарлық отырыс өткізілді.
–Жастар кез келген сәтте еліміздің өсіп-өркендеуі жолында, өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне араласып, белсенділік таныта білуі керек. Олар Елбасының және аға буын салып берген сара жолын жалғастырушылар. Біз болашақты қалай құрамыз, қандай игі істерді атқарамыз, деген сұрақтарға бүгіннен бастап жауап іздеуіміз қажет. Бүгінгі жастар форумы да осындай түйіткілді мәселелерді шешуге арналады, – деп мәлімдеді аудан әкімі өз сөзінде.
Жиынға кент және ауылдық округтердің жастар ісі мамандары, денсаулық, құқық қорғау, білім, спорт саласының қызметкерлері, аудандық жастар және оқушылар парламентінің депутаттары, ауданның белсенді жастары мен жастар ұйымдарының жетекшілері, БАҚ өкілдері және облыстық жастар ресурстық орталығының ақпараттық-сараптамалық бөлімінің басшысы Айнұр Шөменова мен орталықтың жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ардақ Аукенов арнайы келді. Басқосу барысында аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Айдана Маманова баяндама оқып, белсенді жастар аудан әкіміне өз ұсыныстарын жолдады. Жастардың көпшілігі жеке кәсібін ашуға ниетті. Осы орайда аудан басшысынан білікті кәсіпкерлердің семинар-тренингтерін жиі өткізіп тұруды сұрады.
Пленарлық отырыс барысында аудандағы өз саласының үздік бірқатар жастарына аудан басшысының алғыс хаты табысталды. «Үздік жас дәрігер» номинациясымен – Қарлығаш Зарипова, «Үздік жас спортшы» номинациясымен – Мұхамедиар Бақтияр, «Өнерлі жас» номинациясымен – Нұрберген Оспанов, «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы» номинациясымен – Елдос Көпеев, «Үздік жас мұғалім» номинациясымен – Мархаббат Бакебаев, «Жас кәсіпкер» номинациясымен –Серікбай Нағашыбай, «Үздік жас тілші» номинациясымен – Гүлхан Яхияева, «Тілі басқа тілегі бір» номинациясымен – Анна Майорова, «Қажырлы қайрат» номинациясымен – Дарын Әзімхан, «Үздік ерікті жас» номинациясымен – Нұрдар Қайымназаров марапатталып, Ә.Оразбекұлы жас маман иелеріне табыс пен сәттілік тіледі.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ.