Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ: ОЗЫҚ ОТЫЗДЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ: ОЗЫҚ ОТЫЗДЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Әлемдік нарықта ІТ саласы ауқымды орын алып отыр. Сондықтан, жастарды осы салаға мамандандырып бағыттайтын болсақ, әлемдік нарыққа кіретініміз анық. Себебі, заман талабы осындай. Бұл дегеніміз – үлкен орталық, статистикалық ақпараттарды жинау, оған дұрыс анализ жасау, қорытынды ретінде көрсету. Цифр­лы технология өзін-өзі ақтайтын және экономиканы қарқынды дамытудың сенімді құралы болып табылмақ. Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы үшін маңызды мәселелерді көтерген атаулы құжат болды. Жолдауда біздің еліміз ширек ғасыр ішінде екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші экономикамыздың әлемдік деңгейде өсімін арттыруды қамтамасыз ететін жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына көшуіміз керектігі айтылды. Осы мақсатта аудан әкімі Әшім Оразбекұлының төрағалығымен селекторлық жиын өтті.

Әр сала мамандары бас қосқан жиын­да елімізде экономикалық және технологиялық дүмпу болуы қажеттілігі баса айтылды. Ал, ол үшін тағы сол ІТ саласына басымдық беріледі. Селекторлық жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына көшетіндігімізді, сол арқылы дамыған 30 елмен терезе теңестіретінімізді жеткізді. Мемлекеттік бағдарлама төрт басты бағытты іске асыруды көздейді. Олар: цифрлы инфрақұрылымды дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, экономиканың базалық салаларын цифр­ландыру және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша электронды және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру. Елімізде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы хабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Байқап қарасақ, ол бізге аса қиындық тудыра қоймайды. Оның бір ғана дәлелі смартфондар. Қазіргі таңда әлемдегі халықтың 50 пайызы ғаламторға қосылған. Ал, елімізде 18 млн. адам болса, соның 53 пайызы қалада тұрады. Қазақстандықтардың қолында 25 миллионға жуық ұялы телефон бар, оның 70 пайыздан астамы интернетпен қамтылған. Міне, осының барлығы цифрлы заманның нақты дәлелі бола алады.
Жиын барысында аудан әкімі Ә.Оразбек­ұлы: «Қазіргі таңда технология күн сайын емес, тіпті минут сайын жетіліп келеді, сондықтан жеке адам немесе ұжым ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілеттілігін арттырғанда ғана табысқа жететіндігі ақиқат. Бәсекеге қабілетті болу үшін әлемдік нарықтағы жетістіктердің жақсы жақтарын игере отырып, сапасы жағынан барлығынан артық өнім немесе қызмет түрін ұсынуымыз керек» – деді. Еліміз енді цифрлы жүйеге көшеді. Осыған орай, еңбек нарығында да үлкен өзгерістер болады деп күтілуде. Озық технологияларды біліктілік бастауы десек, еліміздің алға басуы ақпараттық технология саласының дамуымен анықталмақ.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ.
13 қараша 2017 ж. 11 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031