Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Netflix футболдан ағылшын премьер-лигасын көрсетуі мүмкін

Netflix футболдан ағылшын премьер-лигасын көрсетуі мүмкін

Netflix футболдан ағылшын премьер-лигасын көрсетуі мүмкінАмерикалық Netflix платформасы футболдан ағылшын Премьер-лигасының трансляциясын көрсету құқығын алуды көздеп отыр. Алып компания жазылушыларға арналған спорт туралы контент санын көбейткісі келеді, деп жазады Egemen.kz. Netflix платформасы Champions League матчтарын Ұлыбританияда көрсету құқығы үшін болған бәсекеде Paramount+ платформасынан жеңіліп қалған. Сол үшін де спорт бағыты Netflix үшін басым бағытқа айналды. Енді америкалық алып компания назарын Премьер-лигаға бұрды. Платформа Ұлыбританияда матчтарды көрсету мүмкіндігі үшін Sky Sports және TNT Sports телеарналарымен бәсекеге түспек. Сонымен қатар Netflix дәл осы құқық үшін АҚШ-та NBC телекомпаниясымен де жарысады.
Қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы Премьер-лига матчтарын теледидардан көрсету құқығы 2029 жылға дейін бөлінген. Ал NBC-мен жасалған келісім 2028 жылға дейін күшінде. Келесі кезеңге арналған құқықтарды бөлу алдағы он екі ай ішінде өтеді. Айта кетерлігі, әлеуетті хабар таратушылары қатарына Netflix-тің қосылуы Премьер-лига клубтарының табысын арттыруы мүмкін. Себебі мұндай ірі платформаның саудаға қатысуы теледидардан көрсету құқығының сату құнын арттырады. 






28 қараша 2025 ж. 12 0