Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан премьер-лига: 17-тур ойындарының кестесі жарияланды

Футболдан премьер-лига: 17-тур ойындарының кестесі жарияланды



Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тур 29 және 30 шілде күндері өтеді. Сенбіде 3 ойын болса, жексенбіге 2 кездесу белгіленген.

Бүгін сағат 19:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Астана» аталған турдың алғашқы ойынын өткізеді.

Ал 21:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы), 20:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Шахтер» (Қарағанды) ойнайды.
Ал 30 шілдеде 19:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», 20:00-де «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) кездеседі.

Аталған турдың 10 шілдеде алдын ала өткізілген ойынында «Оқжетпес» (Көкшетау) «Ордабасы» (Шымкент) командасына 0:4 есебімен жол берген еді.

Ал «Мақтаарал» (Түркістан облысы) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасында «Тобыл» сырт алаңда Швейцарияның «Базель» командасын жеңді.
31 шілде 2023 ж. 538 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30