Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан ҚР біріншілігі: Бүгін сегізінші тур ойындары басталады

Футболдан ҚР біріншілігі: Бүгін сегізінші тур ойындары басталады

 Бүгін, 28 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің cегізінші туры басталады.
Ойындар 28 және 29 сәуір күндеріне белгіленген. Алғашқы күні төрт жұп кездессе, екінші күнінде үш матч өтеді.
28 сәуірде 15.00-де «Каспий» (Ақтау) және «Тобыл» клубтары аталған турдың шымылдығын түреді. Одан кейін 17.00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақжайық» (Орал), 18.00-де «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары кездеседі. Ал 20.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» арасында кездесу өтеді.
Ал 29 сәуірде 16.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды), 19.00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент) командалары шеберлік байқасады. Жетінші турды «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары түйіндейді.
Жеті турдан кейін турнир кестесінде «Астана» 17 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 15, «Тараздың» 14 ұпайы бар.

syrboyi.kz
28 сәуір 2021 ж. 590 0