Украиналық шабуылшы Қазақстанда көш бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 13-туры ақталды. Әзірге ең гол соққан ойыншы – Адеринсола Эсеола.
«Қайрат» шабуылшысы чемпионатта 10 гол соғып үлгерді. Ол соңғы турда «Ақтөбе» қақпасына дубль жасады. Екінші орында «Ордабасы» командасының бразилиялық ойыншысы - Жоао Пауло. Оның еншісінде 8 гол бар. Үздік үштікті Марин Томасов («Астана»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Азат Нұрғалиев («Тобыл») қорытындылап тұр. Үшеуі де алты голдан соққан.Премьер-лиганың 13-турынан кейін мергендер:
10 – Эсеола («Қайрат»)
8 – Жоао Пауло («Ордабасы»)
6 – Томасов («Астана»), Жаңғылышбай («Ордабасы»), А.Нұрғалиев («Тобыл»)
5 – Ньюадзи, Лобжанидзе (екеуі де – «Тараз»), Аймбетов («Ақтөбе»), Зенев («Шахтёр»), Барсегян («Қайсар»), Эппель («Қайрат»)
Асистенттер:
8 – Томасов («Астана»)
7 – Тағыберген («Кайсар»)
6 – Кәкімов («Ақтөбе»)
5 – А.Нұрғалиев («Тобол»)
Гол+пас бойынша:
14 – Томасов («Астана», 6+8)
12 – Жоао Пауло («Ордабасы», 8+4)
11 – А.Нургалиев («Тобыл», 6+5)
10 – Эсеола («Қайрат», 10+0), Тағыберген («Қайсар», 3+7)
8 – Жаңғылышбай («Ордабасы», 6+2).