Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚПЛ: «Ақжайық» премьер-лигадан түсіп қалды

ҚПЛ: «Ақжайық» премьер-лигадан түсіп қалды


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін, еліміздің алты қаласында футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 32-тур ойындары өтіп жатыр. Қазірге дейін бес ойын аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылордада «Қайсар» Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдады. Қос команда турнир кестесінде қатар тұр. Бүгінгі ойында екеуінің бірі жеңген жағдайда ол команданың төртінші орынға көтерілу мүмкіндігі арта түсетін еді. Ол орын келер жылы еурокубок ойындарына қатысуға жол ашуы ықтимал. Сондықтан бұл кездесу тартысты өтті деп айта аламыз. Биыл қос команда екі мәрте кездесті. Оның бірінде «Жетісу» 1:0 есебімен басым түссе, ендігі бірінде 0:0 есебі тіркелді. «Қайсар» сол себепті бүгін жеңіске жету жолын іздеді. Алаң иелері 51-минутта есеп ашты. Оны «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Владимир Аржанов өзінің еншісіне жазды. Ойын 1:0 есебімен мәресіне жетті. «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесуде көп гол соғылды. Алғашқы голды 16-минутта Предраг Сикимич соқты. Арада төрт минут өткенде атыраулық Юрий Перцух өз қақпасына гол соғып алды. Екінші кезеңнің 58-минутта Предраг Сикимич қарсыластар қақпасын екінші мәрте дәл көздеді. Ал 66-минутта «Атырау» сапынан Қуаныш Қалмұратов қанжығасын майлады. Есеп 3:1. «Қызылжар» мен «Ордабасы» арасындағы ойында бас-аяғы екі минуттың ішінде жанкүйерлер қос гол тамашалап үлгерді. Алдымен 66-минутта «Ордабасы» шабуылшысы Жасұлан Молдақараев есеп ашса, алаң иелері сапынан Тимур Мульдинов 68-минутта таразы басын теңестірді. Ал 90-минутта Неманья Коич «Ордабасыға» жеңіс сыйлады. «Шахтер» мен «Тобыл» командалары арасындағы кездесуде қарағандылықтар шабуылға көбірек шығуға тырысты. Өйткені, қазір «Шахтер» үшін бірінші лигаға түсіп қалу жағдайы туып тұр. Олардың сапынан Гегам Арутюнян 41-минутта есеп ашты. 76-минутта «Шахтер» ойыншысы Дамир Кояшевич есепті ұлғайтты. Есеп 2:0.   «Ертіс» пен «Ақжайық» арасындағы кездесуде гол 66-минутта соғылды. Бұл жолы «Ертіс» сапынан Павел Шабалин мергендік танытты. Ал 80-минутта «Ертіс» сапынан Абель Камара гол соқты. Есеп 2:0.  Айта кетейік, биыл бірінші лигадан «Оқжетпес» пен «Тараз» командалары Премьер-лигаға жолдама алып үлгерді. Ал «Ақжайық» келер жылы бірінші лигада сынға түсетін болады. Енді олардың қатарын «Шахтер», «Ертіс» және «Қызылжар» командалары толықтыруы мүмкін. Ол команда соңғы турда белгілі болады. Дәл қазір елордада «Астана» мен «Қайрат» командалары кездеседі. Бұл ойын 17-00-де басталды.  Енді командалар бір тур ғана ойнайды. Атап айтқанда, 11 қарашада «Астана» мен «Ертіс», «Жетісу» мен «Ақжайық», «Қайрат» пен «Шахтер», «Ордабасы» мен «Атырау», «Тобыл» мен «Қызылжар», «Ақтөбе» мен «Қайсар» ойнайды. Осы аптаның сәрсенбісінде кейінге қалдырылған 23-тур ойындары болып өтті.  
04 қараша 2018 ж. 1 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031