Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан футболшылары Әзербайжан құрамасын 3:0 есебімен жеңді

Қазақстан футболшылары Әзербайжан құрамасын 3:0 есебімен жеңді

Бүгін Астана-Аренада Қазақстан мен Әзербайжан ұлттық құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті. Матч 3:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ойынның 12-минутында қазақстандық футболшы Роман Мұртазаев Әзербайжан қақпасына гол соғып есеп ашты. Арада екі минут өтпестен 14-минутта қазақстандық футболшы Серікжан Мужиков есепті еселеді. Ойынның 90-минутында Бактиер Зайнутдинов Әзербайжан қақпасына 3-ші голды соқты. Осылайша жолдастық кездесу 3:0 есебімен Қазақстан пайдасына аяқталды.
Бүгін стадионға 22 500 адам жиналды. Жолдастық кездесуде Молдовадан келген арбитрлар бригадасы төрелік етті. Ойынның бас төрешісі - молдовалық Александр Тян.
Ең алғаш рет екі команда 2004 жылдың 28 сәуірінде Алматыда өткен жолдастық матчта кездескен. Ойын 2:3 есебімен қонақтар пайдасына шешілді. Еуропа чемпионатының іріктеу матчтары аясында Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары төрт рет кездескен. Содан соң 2007-2008 жылдары және 2016 жылы жолдастық кездесу өткізді.


Baq.kz
06 маусым 2018 ж. 1 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930