Футболдан Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңді
Будапештте өткен жолдастық кездесуде Станимир Стойловтың шәкірттері 3:2 есебімен жеңіске жетті. Есепті алтыншы минутта "Астана" форварды Роман Мұртазаев ашты, ал оныншы минутта ұлттық құраманың дебютанты Бахтиер Зайнутдинов көзге түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Алайда 21-ші минутта айып добын жылдам орындағаннан кейін Адам Салаи есеп айырмасын қысқартты. Бірақ, 39-шы минутта Қазақстан құрамасының сапындағы "Уфа" шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет тұңғыш голын соқты. 18 жастағы футболшы ұлттық құрама сапында алғаш рет ойынға шықққан болатын.
Екінші таймда тағы бір дебютант Юрий Перцух Сейдахметтің орнына шықты. 68-ші минутта алаң иелері Кристиан Нементтің голының арқасында есепті тағы да қысқартты.
Айта кетейік, Стойлов Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметінде алғашқы ойынын өткізіп отыр. Болгар маманы Қазақстан құрамасын 1 наурыздан бастап басқарады.
Еске салайық, 26 наурызда Қазақстан құрамасы Венгрияның Фульчуга қаласында Болгария құрамасымен кездесу өтеді.