Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАН – ӘЗІРБАЙЖАН: КІМ МЫҚТЫ?

ҚАЗАҚСТАН – ӘЗІРБАЙЖАН: КІМ МЫҚТЫ?


Футболдан Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары 5 маусым күні Астана аренада жолдастық кездесу өткізетін болды. Осы ретте командалардың бұған дейінгі нәтижелеріне көңіл аудара кетсек…
Қос құраманың алғашқы таныстығы сонау 2004 жылы Алматыда басталған. Сол жолғы өткізген жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыластан 2:3 есебімен жеңіліп қалған еді. Ол кезде ұлттық құраманың тізгіні Леонид Пахомовта еді. Ал 2008 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчтары аясында екі ойында да жеңімпаз анықталды. Командалар Бакуде де, Алматыда да 1:1 есебімен тең тарқасқан. Сонымен қатар екі ұжымның 2007 жылы «Алма-ТВ Кубогы» халықаралық турнирі аясында кездескенін де жанкүйерлер ұмыта қоймаған болар. Шымкентте 80-минутта Финонченко соққан голдың арқасында Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен. Бір жылдан кейін Антальядағы оқу-жаттығу жиындары аясында да матч өткізіп, өзара мықтыны анықтай алмады.
Арада жылдар өткенде соқыр жеребе қос команданың жолын қайта түйістірді. Еуро – 2012 іріктеу кампаниясында Қазақстан құрамасы Астана төрінде ежелгі қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді. Сол жолы Сергей Гридиннің дубль жасағаны да есте. Бірақ Бакуде өткен жауапты мачта әзірбайжандықтар мықтырақ болды. 3:2 есебімен жеңіп, үш ұпай олжалады. Соңғы рет командалар 2016 жылы Антальяда кезігіп, 1:0 есебімен қазақстандықтар жеңіс туын желбіреткен. Жалғыз голдың авторы – Мақсат Байжанов. Осылайша, өзара кездесулер бойынша еншісінде үш жеңіс, үш тең ойын, екі жеңіліс бар Қазақстан құрамасы алда тұр. ФИФА рейтингінде жоғары орналасқанбыз. Әзірбайжан 126-орынға тұрақтаса, біз соңғы екі ойындағы сәтті көрсеткіштен соң 119-орынға жайғасыппыз.
Күзде басталатын Ұлттар лигасы турнирінде бұл екі құрама D дивизионында ойнайды. Қазақстан құрамасы Грузия, Латвия, Андорра командаларымен күш сынасса, Әзірбайжан құрамасы Фарер аралдары, Мальта және Косово құрамаларымен ұпайға таласпақ. Ұлттар лигасының алғашқы матчы 2018 жылдың 6 қыркүйегіне жоспарланған.
5 маусым күні болатын матч – Қазақстан құрамасының 2018 жылдағы үшінші жолдастық кездесуі. Бұған дейін Станимир Стойловтың командасы Венгрияны жеңіп (3:2), Болгариядан жеңіліп қалған (1:2). Алдағы кездесу – Қазақстан мен Әзірбайжанның бір-біріне қарсы ойнайтын тоғызыншы матчы болмақ.
Абай Аймағамбет
18 сәуір 2018 ж. 1 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031