Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » С.Стойлов шәкірттері Әзербайжан футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді

С.Стойлов шәкірттері Әзербайжан футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасының футболшылары Астанада кезекті оқу-жаттығу жиындарын бастады. Станимир Стойлов жігіттері ертең «Астана Аренада» Әзербайжан футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді. Бас бапкер бүгін тілшілермен жүздесіп, ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылар жайын тілге тиек етті. Болгариялық маман «Қайрат» командасының 17 жастағы шабуылшысы Вячеслав Швыревтің аяқ алысына көңілі толатынын жеткізіп, ұлттық құрамада бір байқап көруді жөн деп шешіпті. Сонымен қатар ресейлік Уфа командасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахметтің де жағдайы сөз болды. Стойлов футболшының жарақаттан айығып, бабына келе бастағанын айтты. Алайда ертең алаңға шығу-шықпауы белгісіз. Күзде Ұлттар лигасы басталады. Алдағы ойын сол ресми кездесулерге дайындық саналады. Станимир Стойлов, Қазақстан құрамасының бас бапкері: – Әзербайжан құрамасының ойын үлгісі Ұлттар лигасында біздің топтағы Грузия құрамасына ұқсас. Бұл жолы жас футболшыларға мүмкіндік беріп отырмын. Олардың бойындағы батылдықты арттыра түсу керек. Мен үшін ойыншының жасы маңызды емес. Күздегі турнир алдында ойыншыларды соңғы рет бағамдап алмақшымыз. Шабуылды жақсарта түскен жөн. Көптеген клубта бұл позицияда легионерлер ойнайды. Сол себепті қиындықтар бар.

24.kz
05 маусым 2018 ж. 771 0