Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕСЕЙЛІК ЕКІ ХОККЕЙШІ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҒЫН АЛАДЫ

РЕСЕЙЛІК ЕКІ ХОККЕЙШІ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҒЫН АЛАДЫ


«Барыс» хоккей клубының ресейлік легионерлері Дмитрий Шевченко мен Алексей Маклюковұлттық құрамада ойнау үшін Қазақстан азаматтығын алуға құжат тапсырды. Бұл туралы клубтың ресми сайтына берген сұқбатында команданың бас менеджері Ержан Алдабергенов хабарлады.
Дмитрий мен Алексей еолордалық команданың қатарын 2017 жылдың жазында толықтырған еді. Екеуі де Мәскеудің «Динамо» клубы құрамынан келген.
– Ларионов мырза «Барыста» екі ойыншының ғана (Шевченко мен Маклюков) агенті. Екеуі де – жас. «Братина» кубогында ойнап тәжірибе жинаған хоккейшілер. Динамо өткен маусымда осы кубокты жеңіп алды. Олар біздің елдің азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында ойнауға асық. Азаматтық алуға құжаттар тапсырып қойды. Келер жылдан бастап ұлттық құрама сапында ойнай алады.
Бұл жігіттер «Барыс» пен ұлттық құрамада негізгі құрамдағы ойыншыларға бәсекелес бола алады. Ал осыған дейін ойнап келген ойыншылар ылғи негізгі құрамда болмайтындықтарын жақсы түсінеді, – деді.
Сондай-ақ Ержан Алдабергенов Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада ойнаған Мартин Сен-Пьер мен Дастин Бойд жайлы да айта кеткен. Қазір екі хоккейші де «Барыс» сапында ойнамайды.
– Мартин жайында Евгений Геннадьевич айта кеткен болатын. Менің оған алып қосарым жоқ. Хоккейші бірінші құрамда (звено) ойнағысы келді. Ал біз сәтті ойнап жүрген бірінші құрамды бұзғымыз келмеді.
Ол өзі «Адмиралға» ауысу жайлы емеурін танытты. Ол үшін ұзақ мерзімді келісімшарт та қажет болды. Мартин Қазақстан құрамасының ойыншысы болып қала береді. Ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы ойындарына қатысады.
Дастин Бойд та ұлттық құрамадағы жолын жалғастырғысы келеді. Ол «Барыстың» Мәскеу мен Астанадағы ойындары кезінде Әнұран орындалғанда қолын жүрек тұсына қойып тұрады. Оның құрамаға келуі командасының Гагарин кубогында қандай межеге жететініне тікелей байланысты болмақ, – деді.
Айта кетейік, осыған дейін «Барыс» хоккей клубының қақпашысы швед Хенрик Карлссон да Қазақстан азаматтығын алуға құжат тапсырған болатын.
vesti.kz
05 қаңтар 2018 ж. 1 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930