Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Асылжан алтын алқа тақты

Асылжан алтын алқа тақты

Жуырда Атырау қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен ҚР чемпионатында жерлестеріміз 197 ұпаймен жалпыкомандалық есепте алғашқы орынды жеңіп алды. Екінші орын – Алматы облысы (191 ұпай) командасына бұйырса, үшінші орынға – Алматы қаласының (169 ұпай) ауыр атлеттері тұрақтады.
Облыс құрама командасы жақсы өнер көрсетіп, 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальдарды қанжығалады. Қатарынан 4 мәрте Қазақстан жеңімпазы атанып, мерейімізді үстем етті. Жерлесіміз 77 келі салмақтағы Асылжан Бектай мен 94 келі салмақтағы Нұржан Кеңесбек алтын жүлдені иеленсе, күміс жүлденің иелері – 56 келі салмақта Алмат Асанханұлы, 75 келі Зарина Зарқұмова, 105 келі Мейіржан Молдағали, 105 келі Марлен Жұмәділ. Қола медаль – 85 келі Евгений Ломановқа бұйырды.
Спортшылар келесі жылдың ақпан айында облыс орталығында өтетін ҚР чемпионатына қатысады. Спорт айдынында бақ сынауға Азия және әлем чемпионаттарына ел намысын қорғайтын құрама жасақталады. Спортшыларды жарысқа Нұржан Смаханов, Арман Абдраев, Альберт Хакимулин және Алексей Герасев дайындады.

“Өскен өңір” ақпарат.
14 қараша 2017 ж. 1 820 0