Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің ең жас ұлты Африкада

Әлемнің ең жас ұлты Африкада

Жасөспірімдердің үлес салмағы қай елдерде басым екенін білесіз бе? Бұл біз ойлағандай әлемнің мединицасы озық дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде емес, үшінші әлем саналатын африкалық мемлекеттерде болып шықты. Жақында әлемнің 228 мемлекетіне мониторинг жүргізген World bymap organization қауымдастығының статистикасы осы тұжырымға келді. Бұл рейтингке сүйенсек, халықтың 50% жуығын 15 жасқа дейінгі жеткіншектер құрайтын мемлекеттердің алғашқы ондығына африкалық елдер кіреді. Көш басында нигериялықтар тұр. Бұл мемлекетте 15 жасқа дейінгі тұрғындардың үлес салмағы халықтың 49,3% құрайды. Рейтингтің алғашқы ондығына: Уганда 48,3%, Мали 47,3%, Малави 46,5%, Замбиа 46,1%, Бурунди 45,6%, Буркино Фасо 45%, Мозамбик 44,9%, Оңтүстік Судан 44,9% және Танзания 44,1% көрсеткішімен енген. Африка құрлығында жасөспірімдердің үлес салмағы басым болуы, бұл құрлықтағы туу көрсеткішінің жоғарылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар қара құрлықта соңғы жылдары медициналық жәрдем жақсарып, сәбилердің өлім көрсеткіші төмендеген.
Ал Қазақстан рейтингте 104-орыннан көрініпті. Біздің елде жеткіншектер халықтың 25,7% құрайды деседі. Бұдан бөлек бауырлас көршілеріміз түркімендерде 26%, Қырғызстанда 30%, Тәжікстанда 32,6%, Өзбекстанда 24,2% көрсеткіштері тіркеліпті. 

Massaget.kz
10 қараша 2017 ж. 1 877 0

Қоғам

Үлкен жүректі жан
25 қыркүйек 2023 ж. 45

Отбасы – ұлттың тірегі

25 қыркүйек 2023 ж.

90 бос жұмыс орны бар

25 қыркүйек 2023 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9136)

23 қыркүйек 2023 ж.

№74 (9135) 1-2

19 қыркүйек 2023 ж.

№74 (9135) 3-4

19 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам